Қазақ күресі ұлтымыздың асыл қазынасы. Ұлттық өнерді меңгерген күш атасы Қажымұқанның ізбасарлары бүгінгі күні аз емес, екенін көріп қуанамыз.
Қазақ күресі ұлтымыздың асыл қазынасы. Ұлттық өнерді меңгерген күш атасы Қажымұқанның ізбасарлары бүгінгі күні аз емес, екенін көріп қуанамыз. Солардың бірі де бірегейі Мұхит Тұрсынов десем, асыра мақтағандық емес. Жақында мектебіміздің оқушылары Әлемнің екі дүркін чемпионы, Қазақстан барысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұхит Тұрсыновпен онлайн кездесті. Бүгінгі күні спорт майталманы Алматы қаласында оқу-жаттығуда жүргеніне қарамастан, уақыт тауып, жеткіншек ұрпақтың сауалына жауап беріп, әсерлі әңгіме өрбітті.
Оқушылар Мұхит Тұрсыновқа түрлі сұрақтар қойды. Тіпті, оның әлеуметтік желідегі оқырмандарының саны неге аз екенін білгісі келгендер де болды. Тағы бір шәкіртіміз осы күнге дейін Қызылжар өңірі палуандарының Қазақстан барысы турнирінде неліктен бағы жанбай жүргенін сұрады. "Бір сұқбатыңызда әкем жетпеген биікке мен жетем деген екенсіз. Арманыңыз орындалды ма?" - деген сауалға да Мұхит Тұрсынов: "Иә, ол арманып орындалды. Өйткені, әкем де спорт саласының өкілі. Бірақ оның заманында "Қазақстан барысы", "Еуразия барысы", басқа да халықаралық дережедегі бәсекелелер көп бола бермейтін. Осындай байқауларда боз кілемде бағың жанғаны, әкенің де абыройын асқақтады", - деп жауап берді ол.
Алаштың айбатты ұлы арыстарым,
Қайратты һәм жүректі Арыстаным.
Ақылың алдырмайтын қорған болып,
Мәңгілік биік тұрсын намыстарың! - деп ақындар жырлағандай ұлтымыздың ұландары Мұхит Тұрсынов секілді намысты азаматтардан үлгі алса игі!



Автор: b1416skobilim
Добавлено: 01.02.2021 в 14:28