2021 жылы 18-28 қантар аралығында шет тілдер пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Ашылу салтанаты онлайн Google meet платформасында өткізілді. Апталықтың іс-шара жоспарымен таныстырылды.
Жоспар бойынша 20 қаңтар күні Макашева Қарагөз Сермаханқызы «Let’s measure» тақырыбында 2 «А» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында психологиялық ахуал орнатты. Алдыңғы сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында «Genially» интерактивті желісі арқылы жасалған тартымды анимациялары арқылы оқушылардың назарын аударып, білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексерді. «Drilling» әдісі арқылы жаңа сөздермен таныстырды. Электронды оқулық арқылы 10-жаттығуды орындатып, оқушыларға пайдалы және зиян тағамдардың ағзаға қаншалықты әсерін үйретті. «QUIZIZZ» интеллектуалды ойыны арқылы балаларды бәсекелестікке жетелеп, олардың алған білімін тексерді. Мұғалім өз шеберлігімен, түрлі әдіс-тәсілдерімен, жаңашылдығымен оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыра отырып, өз мақсатына толық жетті. Сабақ жоғары деңгейде өтті .
20 каңтар күні Сардарбекова Жансая Жауынбайқызы 4 «Б» сынып оқушыларымен «Our world» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сынып оқушыларына бірнеше тапсырмалар беріліп, электронды оқулықпен жұмыс жүргізілді. Ережелер қайталанып, кері байланыс жасалды. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыларды сөйлеуге баулыды. Мұғалімнің сөйлеуі анық, жаңа сабақ түсіндіру жолында оқушыларды белсендіре білді. Мұғалім оқыту мақсатарына кол жеткізу үшін әрбір білім алушыны қадағалауға тырысты. Мұғалім мақсатына жетті.
20 қаңтар күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сайлау Толқын Серікқызы 5 «А» сыныбында «Past Simple» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақ кезеңдерінде әр түрлі әдіс –тәсілдерді ұтымды қолдану арқылы оқу мазмұнын нәтижелі меңгеруіне жағдай туғызды. Көрнекі құралдарды жас ерекшеліктеріне сай тиімді пайдалана отырып, оқушылардың қызығушылығы мен білімді саналы меңгеруіне жетеледі. Диалог, монолог арқылы оқушылардың сөздік қорларын кеңейтті. Сабақ барысында мұғалімнің талаптылығының арқасында оқушылар жұмысқа жылдам кірісті. Фонетикалық жаттығу ретінде ағылшын тілінде жаңылтпаштар айтылды. Әр жауаптан кейін мұғалім оқушыларға жылы сөздер мен мақтау айтып, ынталандырып отырды. Сабақ максатына жетті.
21 қаңтар күні Тұтқабаева Салтанат Нартайқызы 3 «А» сынып оқушыларымен «Time» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Видео көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын оята отырып, тақырыпты ашты. Диск арқылы жаңа сөздермен таныстырды. Жаңа тақырыпты слайд көрсете отырып түсіндірді. Оқулықтағы жаттығуды орындатып, «Guess» ойыны және сәйкестендіру арқылы тақырыпты қорытындылады. Сабақты қорытындылау кезеніңде «Google form» форматтағы әдісті қолданды. Берілген 1 минут уақыттың ішінде оқушылар тапсырманы жарыса орындады. Жалпы алға қойған мақсатына Салтанат Нартаевна толық жетті. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
21 қаңтар күні Тоқбергенова Жамиля Оналбекқызы 5 «А» сынып оқушыларымен «Past Simple» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында сабақ берудің әр түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Шет тілін оқытудың формалары мен әдістерін қолдану арқылы оқушыларды ағылшын тіліне қызықтырып, түсіну, сұрақтарға жауап беру, етістіктерді дұрыс формасына қою жұмыстары жүргізілді. Сөздікпен жұмыс, сөйлемдерді орналастыру, тыңдалымнан кейін сұрақтарға жауап беру, өз ойларын емін-еркін білдіру жақсы жолға қойылған. Сабақ барысында грамматикалық талдауларға көп көңіл бөлінген, оның ішінде дұрыс, бұрыс етістіктерге тереңірек тоқталды. Ережелер қайталанып, кері байланыс жасалды. Сабақ мақсатына жетті.
21 қаңтар күні Налибаева Алтынай Талғатовна 8 «В» сынып оқушыларымен «No one’s fool» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта күнделікті өмірмен байланысқа, сөз мәнеріне, сөйлеу дағдыларына тәрбиелік кезеңдеріне көңіл бөлінді. Тақырыпты ашу мақсатында видеоның көмегімен оқушыларға сыни тұрғыдан ойландыратын өз бетінше шешім шығаруға, өз ойын ортада еркін түрде білдіруге бағыт берді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып отырды. Сабақ мақсатына жетті.
22 қаңтар күні Адамбай Шолпан Жолмухаметқызы 7 «Қ» сынып оқушыларымен «Countable and uncountable nouns» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай құрылған. Сабақта жаңа ақпараттық технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды, күнделікті өмірмен байланысқа, сөз мәнеріне, сөйлеу дағдыларына тәрбиелік кезеңдеріне көп көңіл бөлінді, өз бетінше шешім шығаруға, өз ойын ортада еркін түрде білдіруге бағыт берді.Сабаққа қорытынды жасалып, үйге тапсырма түсініктемесімен берілді. Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасалды. Оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сабақ өз мақсатына жетті.
22 қаңтар күні неміс тілі пәнінің мұғалімі Балажанова Айгуль Айдаржановна 5 «Б» сынып оқушыларымен «Die Schule» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жаңа сабақты тақырыпқа байланысты слайд арқылы түсіндірді. Оқушылар шығармашылық белсенділіктерін көрсете білді. Соның ішінде оқушының атмосферасын көтеру мақсатында шаттық шеңбері аясында тілек айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл, жағымды атмосфера туғызды. Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруге негізделген. Мұғалім әрбір тапсырмаға тоқталып, мазмұнын ашып, нақтылап отырды, яғни, түсіндіру әдісін шебер қолданды. Сабақта миға шабуыл, ой қозғау мақсатында сұрақтар берілді. Салыстыру кестесі, сұрақ-жауап әдістерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырды.
18-28 қаңтар аралығында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қ.А. Утемуратова «My Kazakhstan» тақырыбында эссе байқауын 7 – 10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырды. Мақсаты:оқушыларды ағылшын тіліне қызықтыру,сауаттылығын және шығармашылығын арттыру. Өз ойларын ерекше білдіріп,жұмысты талапка сай орындаған оқушылар марапатталды. І орын-Ибрай Әсем 10ғ сынып оқушысы,ІІ орын-Камал Сымбат 7 Ә сынып оқушысы,ІІІ орын- Шайкенова Жасмина 7 е сынып оқушысы.
25 қаңтар күні Төремурат Гульсум Горькиевна 5 «Б» сынып оқушыларымен «Kids and tartans» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақты презентация, видео материал арқылы түсіндірді. Сабаққа Bіlim Lend платформасынан онлайн тапсырмалар сабақ барысында орындалды. Ізденушілік тапсырма, зерттеу сұрағы арқылы сабақты қорытындылады, әр оқушыны түйінді ой шығаруға жетеледі. Сабақ мақсатына жетті.
26 қаңтар күні Уралов Олжас Бауржанович 2 «А» сынып оқушыларымен «Natural disasters» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Видео таспа көрсету арқылы проблемалық сұрақ қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын оқушылардың өздерінің ашуына мүмкіндік туғызды. Жартылай ізденушілік, зерттеу сұрағы арқылы сабақты қорытындылап, әр оқушыны түйінді ой шығаруға жетеледі. Сабақта оқушылардың жас ерекшелігі ескерілген, оқушыларға қызықты тапсырмалар берілді. Сабақ мақсатына жетті.
28 қаңтар күні неміс тілі мұғалімі Носуль Замфира Маславивовна 7 «В» сынып оқушыларымен «Ертегілер неміс тілі сабақтарында» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақта психологиялық ахуал орнатты. Ауызша тапсырмалар орындап, оқулықтағы мәтінмен жұмыс түрлері жүргізілді. Топтық және өздік жұмыс жүргізіліп, деңгейлік тапсырма ұтымды ұйымдастырылды. Әр тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
29 қаңтар күні Жолдыбалинова Нургуль Амангелдиновна 6 «А» сынып оқушыларымен «Feel better» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларды топқа бөлу, деңгейлік тапсырмалар, тіл дамытуға арналған бірнеше жұмыстар жасалынды. Оқушылар ағылшын тілін жақсы меңгерген, ойын еркін жеткізе алады. Жұмыс түрінің әр түрлі болуына байланысты оқушылар өз білімін көрсете білді. Түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың шет тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді. Сабақ мақсатына жетті.
Қорытынды: Шет тілдер бірлестігінің мұғалімдері онкүндікті ойдағыдай, талапқа сай өткізді. Онкүндік барысында мұғалімдердің шеберлігі мен оқушылардың белсенділіктері байқалды. Жоспарға сәйкес мұғалімдер ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізді, тәжірибе алмасты.Пән мұғалімдері: Макашева Қ.С., Тұтқабаева С.Н.,Балажанова А.А,Носуль З.М.,Тоқбергенова Ж.О. сабақтары жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өздерінің білімдерін барынша көрсете білді және сабаққа деген белсенділіктері арта түсті. Жалпы шет тілдер бірлестігінің онкүндігі жеткілікті деңгейде өтті.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены