Меню KDT
Білім кеңістігіндегі жаңаша білім


29.01.2021ж. Нұр-Сұлтан қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Ұлағат» шығармашыл ұстаздар тобы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында  «Білім кеңестігіндегі жаңаша білім» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

      Шығармашыл ұстаздар   К.Б.Джалалова, Қ.С.Макашева, Т.А.Айтбаева өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандардың  педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып, олардың шығармашылық ізденістерін ,өзін-өзі дамыту және жүзеге асыруын,  кәсіби құзыреттілігін қалыптастырды. Әр ұстаздың жаңашылдық білім-білігін жас мамандарға үлгі ету орын алды.

     Жас мамандардың «QUIZIZZ» платформасымен жұмыс жүргізу дағдысы қалыптасты.

  К.Б.Джалалова тарих пәнінің мұғалімі 8 «А» сынып оқушыларының өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрін көрсете білді. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлауын  талап етті. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылап, бағалауды үйренді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптырды. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын оятты. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырды. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретті. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты танытып, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отырды.

   Т.А.Айтбаева «Сумен байланысты аңыз-әңгімелер» 6 «А» сыныбында ашық- онлайн сабағында жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидаларын ескере отырып, балаға ізгілік тұрғысынан қарап, оқыту мен тәрбиенің бірлігін қалыптастыра отырып, баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамытты.                                                                                  

     Дамыта оқыту технологиясы ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде балаларға  ізденгіштік, өзіндік талдау қалыптастырды. Тапсырма орындату барысында балалардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрады. Онлайн сабақ беру барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндірілді, балалар сол тақырып бойынша білім, білік дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істеді. Цифрлық білім беру электрондық оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістерін қолданды. Цифрлық білім беру міндетін негізге ала отырып, оқушының сабаққа дайындығына көмектесіп, оқушының үй тапсырмасын орындаудаға бағыт-бағдар берді.

     Ағылышын тілі пәні мұғалімі Қ.С.Макашева болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу ,білім беру саласын еш назарынан тыс қалдырмай , жас мамандардың «QUIZIZZ» платформасымен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастырды.Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, жас мамандарды үйрету қадамдары арқылы іскерлік ойын түрінде өткізген жұмысының берері көп болды. Сондықтан да тұрақты даму талаптарына сәйкес келетін жаңа білім жүйесін қалыптастыру оқушыларға берілетін білімнің іргелілік мазмұнын сақтай отырып, ақпараттық жүйелілігін, кешендігін, үздіксіздігін, өзара және өмірлік ортамен байланыстылығын, үйлесімділігін, үндестігін, өзіндік дамып отыруға қабілеттілігін арттырды. Әр тұлғаның жеке сұраныстары мен қабілеттіліктеріне сәйкестей отырып, білім мазмұны мен бағдарламалары көрсетілді.Практикалық бағыттылықпен, нақты нәтижелерге бағдарлылықпен толықтыру арқылы жүргізілуі тиімді болды.                                                                         
  «Білім кеңестігіндегі жаңаша білім» тақырыбында онлайн-семинарда  алған білімді өмірдегі қажеттілікке айналдыру және пәрменді қолдана білуге үйрететін ең жаңа оқыту технологияларына және құралдарына негізделген тәжірибелік сабақтарды өткізуге тиісті мүмкіндіктер алып, жас мамандар өз әсерлерімен бөлісті.






Комментариев нет
181 просмотров
Автор: 7mektep
Добавлено: 29.01.2021 в 20:00

Возможно вас заинтересует...!