Меню KDT
Жеті атасын білмеген жетесіз

Халқымызда "Жеті атасын білмеген жетесіз", "Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер", деген ұлағатты сөз бар.


Халқымызда "Жеті атасын білмеген жетесіз", "Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер", деген ұлағатты сөз бар. Қазақы тәрбиенің тамыры тереңде екенін жас ұрпақ білуі тиіс. Осыған орай, кеше әл-Фараби мектеп-лицейінің 5-сынып  оқушыларының қатысуымен тәрбиелік мәні зор шара өтті. Жеткіншек ұрпақ жеті аталарын атап, отбасындағы дәстүрлер мен құндылықтар жайлы әңгіме қозғады. Сонымен қатар өңіріміздегі киелі жерлер жайлы мағлұмат алды. Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымның қонысы, найзасымен жау түйреп, сөзімен құс тістеген Қожаберген жыраудың мазары, Қарасай мен Ағынтай батырлардың кесенесі, тағы да басқа атақты тұлғалардың ата қонысы, мәңгілік мекені жайлы біле алды. Тағы бір айта кететін жайт, бүгінгі күні өнерімен, еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген тұлғалар жайлы да сөз қозғалды. Мысалы, велоспортшы Александр Винокуров, Алексей Луценко, боксшы Жанат Жақиянов, қазақ күресінің майталманы, екі дүркін әлем чемпионы, "Қызылжар Арландары" палуандар клубының мүшесі Мұхит Тұрсынов - жас ұрпақ өнеге алар азаматтар. Олардың да азаттықтың ақ туын асқақтатуға қосып жүрген үлесі әңгіме арқауына айналды.
Ұйымдастырушы: Нұрсұлтан Дастанұлы




Комментариев нет
329 просмотров
Автор: b1416skobilim
Добавлено: 01.02.2021 в 10:44

Возможно вас заинтересует...!