Нұр-Сұлтан қалалық Білім беруді жаңғырту орталығының бастамасымен Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «АSYL SÓZ» жобасының ашылғанына бірнеше уақыт өтті. «АSYL SÓZ» жобасының негізгі мақсаты оқулықтың қазіргі әлемдегі рөлі мен маңызын түсіну және оқу тәжірибесімен бөлісу, оқу деңгейін арттырумен байланысты.
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «АSYL SÓZ» жобасы мектеп кітапханасының меңгерушісі Бағдат Қайыржанқызының бастамасымен ашылып, қазіргі таңда 1-11 сынып оқушылары өздерінің оқыған көркем шығармалары бойынша алғашқы кітап оқушылар конференциясын өткізіп те үлгерді.
Қазіргі таңда оқушыларымыз Ы. Алтынсариннің «Жаман жолдас», «Ешкі мен түлкі», Т.Әбдіраимның «Аққайыңның ақылы», «Жалқаулыққа кім үйір?» атты кітабынан «Кітаптың мұңы» шығармасы, М.Әуезовтің «Жетім», Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы, Т.Әлімқұловтың «Қараой», С. Мұратбековтың «Жабайы алма» шығармаларын оқып шықты.
«Кітап – асыл қазына». Олай болса, оқушыларымыз жыл бойы осы қазынамен сусындамақ.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены