Меню KDT
Өз халқыңның тарихын білу - еліміздің жарқын болашағы



Қазақ мектеп-гимназиясының 7 б сынып оқушысы Исенов Тимур Талғатұлы «Ұлы жолдың - тарихи жаңғырығы» атты тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізді. Жобада Тимурдың атасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Исенов Капийдің ерлік жолы сөз етіледі. Ғылыми жоба жазу барысында Тимур әкесі Талғатпен қалалық және облыстық әскери коммисариаттан бастап, сонау Ресей Федерациясының мұрағаттарына хат жолдап атасының ҰОС жылдарындағы ерлік жолын анықтау болды. Ресей президенті В.В Путинге дейін хат жолдаған. Ондағы ойы өзі атасын көрмесе де, үлгі тұтар бабасының ерлігін зерттеп біліп, артындағы өсіп келе жатқан іні-қарындастарына айту.
Сонау сұрапыл, жанқиярлық соғыс туралы, елімізге төнген қауіп-катерден бабаларымыз қалай аман алып қалғанын көп біле бермейміз.
Тимур зерттеу жұмысында: " Бұл жұмыс менің майдангер атам Исенов Капийдың ерлік жолын зерттеуге арналған. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат сұрапыл соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Ұлы отан соғысы кезінде Қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға аттанды. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбірімізге аян. Менің атам Исенов Капий 1940 жылы Ақмола қалалық әскери комиссариаттан әскер қатарына шақырылған болатын. Сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін өтіп, жеңісті Берлинде аяқтаған. Сондықтан зерттеу жұмыс барысында мен атамның өмірі мен қызметіне шолу жасадым. Халқымыздың батыр ұл-қыздарының ерліктерін білуіміз өте өзекті. Осы орайда патриот болып өсу үшін еліміздің өткен тарихын білу қажет. Осыған орай аталған ғылыми зерттеудің басты маңыздылығы Исенов Капийдың қолжазбалары мен естеліктерін зерттеу, оларды қағаз бетіне түсіру. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жайлы білімімді тереңдетіп атамның өміріне катысты тарихи оқиғалар туралы мәліметтерді жариялау. Келешекте осы зерттеулерімнен отбасымның шежіресін жасау немесе естелік кітап жазу" деп сұрапыл соғыстың қиындығын атап көрсетіп, болашақ арманымен ұштастырған.
Ұстазы тарих пәні мұғалімі Нуркенова Ляззат Ғалымқызы екеуі мұрағат мәліметтерімен танысып, ізденіс жұмысын жасауда тынбай еңбектенуде. "Өз тегіңді білу" – ұрпақ санасына жан-жақты таным-түсінік қалыптастырып, бір әулеттің ғана емес, өз халқыңның тарихын үйреніп, білудің бастауы болмақ. Білімді ұрпағымыз көп болғай!

 

 







Комментариев нет
157 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 16.11.2020 в 17:40

Возможно вас заинтересует...!