Меню KDT
ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒЫТ БОЙЫНША ӨТКЕН СЫНЫП САҒАТЫ



2020 ж., қараша айының 14 күні 6 Г сыныбында тәрбие сағаты өтті.
Тақырыбы: «Саналы ұрпақ -жарқын болашақ»
Мақсаты:
Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидатты талқылайды.
-өз құқықтары мен міндеттерін талқылау
-құқықтық сауаттылықты дамытады.
- адам құқықтарын сақтау өмірде маңызды екенін бағалайды
Көрнекілігі: нақыл сөздер, проблемалық сұрақтар.
«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «Заң біткен жерде зұлымдық басталады».
Сабақ барысында оқушыларға көптеген мәліметтер берілді: Заң
дегеніміз не? Заң- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.
Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл — заңды яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.Қазіргі кезде жас өспірімдер мен мектеп оқушылары арасындағы қылмыстың түрлері көбеюде. Заң ережелерінің барлығы да адамдарды адал жолға салу, оларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатынан туған







Комментариев нет
214 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 15.11.2020 в 12:15

Возможно вас заинтересует...!