Меню KDT
Сәнді-қолданбалы өнер бағыты бойынша күзгі демалыс кезінде



🔷
ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ – КҮЗГІ ИНТЕРАКТИВ
🔸 Отбасылық шеберхана

Сәнді-қолданбалы өнер бағыты бойынша күзгі демалыс кезінде, 13.11.2020ж, 4 "Ә" сынып оқушылары мен ата-аналарының "Отбасылық шеберхана" онлайын көрмесі өтті. Мақсаты, ата-ана мен бала арасындағы тығыз байланысты және сол арқылы баланың қолөнеріне деген ынтансын қолдау, қолпаштау, қызығушылығын арттыра отырып, әдемілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Бұл көрмеге ата-аналар мен балалар қуана ат салысты. Бірі қағаз, бірі мата, бірі тоқыма, бірі табиғи материалдармен бұйымдарын жасап, бір-бірінен асып түсуге тырысты. Әр қайсысының да қолынан жақсы бұйымдар шықты. Кей балалардың бұйымдарынан жаңа жылды тосып, жаңа сыйлықтар алғысы келіп жүргендері сезілсе, Нұрасылдың қазіргі жағдайға байланысты өте қажетті бетперде жасауы қуантады. Дегенмен, балалардың ішкі ойы, алда келе жатқан жаңа жылдан жаңа үміт, бетпердесіз жүретін күнді армандайды! Бәріміз де аман болайық. Армандар орындалады!



 

 

 







 

 



 



Комментариев нет
252 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 13.11.2020 в 19:05

Возможно вас заинтересует...!