Меню KDT
Дарындылықтың қайнар көзі - мектеп.



Петропавл қаласы Қазақ мектеп-гимназиясының 4 «Ә» сынып оқушысы Малғаждар Кәусар «Қазақтар мен орыстардың өміріндегі сандардың маңызы» тақырыбында ғылыми жоба жазған болатын. Зерттеу жұмысын жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Валиева Бахия Есімжанқызымен жүргізді. Бахия Есімжанқызы - дарынды оқушылармен жұмыс жасауда аянбай еңбек ететін білікті маманның бірі. Аталмыш тақырып бойынша зерттеу жүргізу барысында оқушысы Кәусар өзінің талаптылығын, дербес жұмыс жасауға тыңғылықтылығын көрсете білді. 3 пен 7 сандарының киелілігін, қасиетін білу үшін Кәусар ата - анасымен Көкшетау қаласына жол сапарымен барып қайтты. Онда киелі жердің әңгімесі, өз көзімен көргені, тыңдағаны, естігені баланың бойында өмір бойы тәрбиелік маңызы зор естен шықпайтын бір сәт болды деп ойлаймыз. Осы сәтті жол сапары Кәусар жобасына үлкен үлес қосты. Дарынды баланың қаламын ұштап жеке қабілеттерін ашуда ұстазымен бірге ата-анасының рөлі зор екені айдан анық. Сіздерге зерттеу жұмысынан үзінді ұсынып отырмыз.
Зерттеудің өзектілігі: бұл сандар сол замандағы өмір сүретін адамдар үшін ғылыми, діни және тұрмыстық маңызы бар.
Зерттеу жұмысының мақсаты: үш және жеті сандарға байланысты құпиялардың пердесін ашу.
Қаралған мәселелер:
- осы тақырып бойынша әдебиеттерді талдау және материал жинау;
- 3 және 7 сандарының мәні туралы білу;
- 3 және 7 сандарының ауыз халық шығармашылығымен байланысын анықтау;
- мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жұмбақтар, санамақтар, жаңылтпаштар, ойындар таңдау;
- қазақтар үшін жеті санының және орыстар үшін үш санының маңыздылығын көрсету;
- мектептегі оқушылар арасында жеті және үш санды сиқырлы сан деп санайтындығы туралы шағын сауалнама жүргізу;
- құрдастардың пікірін білу, оларды қызықтыру және зерттеуге тарту;
- жинақтаған деректерді талдау және қорытындылау.
Күтілетін нәтиже: орыс және қазақ халық шығармашылығындағы барлық белгілі сандардың ішінде сиқырлы қасиеттерге ие. 3 және 7 сандары жиі қолданылады.
Зерттеу әдістері: ақпаратты іздеу және жинау; құрдастардың қоғамдық пікірін зерттеу; алынған мәліметтерді жалпылау және талдау.









Комментариев нет
165 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 13.11.2020 в 18:30

Возможно вас заинтересует...!