Күзгі демалыс жоспарына сәйкес 9 қараша күні Қазақ мектеп гимназиясы"КММ 7 “Б” сынып оқушыларымен "СЕНІМ - СЕРІГІМ" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ тренинг өткізілді. Тренингті бастамас бұрын қашықтықтан оқыту барысындағы мәселелерге психологиялық кеңестер берілді. Тренинг барысында көркемдік құралдар (яғни фото, қар қиыршықтары) қолданылды, сонымен қатар оқушылардың өз ішкі жан-дүниесіне үңіле алуына, өзін-өзі тануына бірнеше жаттығулар жүргізілді. Тренинг соңында кері байланыс өткізіліп, күтілген нәтижелердің қорытындысы жасалды.
ЖАДЫНАМА:
Сенімділік - адамның өзіне сенуіне көмектесетін қасиет. Сенімділік әрдайым жетістікке жеткізбеуі мүмкін, бірақ шешім қабылдауға, әрекет етуге септігін тигізеді. Өз-өзіне сенімсіз адамдар қорқақ келеді. Сол себепті олар жетістікке жете бермейді. Тәуекел етуге шешім қабылдай алмай, сенімсіздік танытады.
Сенімділік қасиетін адам бойында ояту үшін мынадай айла-тәсілге көшуі керек:
Өз-өзіне сенімді адам болуға тырысу. Ал сенімдімін деп ойлау зиянын тигізеді. Себебі адам сенімділікке тырысқанда іс-әрекетпен өзіне үлгі болады, ал ойлап жүре беру ақырында адамға қорқыныш сыйлайды.
Адам өзінен көп нәрсені күту керек. Басқа адамдарға бәрібір қызық бола бермейді. Басқалар менен көп нәрсе күтеді деп ойлайтындар көбінесе күйзеліске ұшырайды. Ал менің қолымнан көп нәрсе келеді дегендер жетістікке ұмтылады.
Жетістікке жеткен жандар белгілі бір спорт түрімен шұғылданады. Физикалық жаттығулармен айналысу адамға сенімділік сыйлайды, өмірге деген көзқарасына позитив береді. Ал артық тамақтану, көбінесе жұмыс шаруасымен отыра беру, аз қозғалу адамға уайым салады, көңіл күйін бұзады.
Қателік пен қиындықтан қорықпау қажет. Жетістікке ұмтылған адамның өмірінде оның кездеспеуі мүмкін емес. Өз-өзіне сенімсіз адамдар қателік жасамайын деп жаңа нәрсені үйренуден алыс болады. Ал кездесетін қиындықтар, сол жолда адамның қателесуі нәтижесінде адамға жақсылық әкеледі.

Автор: b1429skobilim
Добавлено: 10.11.2020 в 19:00