Меню KDT
Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат



Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында, әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек делінген.Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Кәсіптік ақпарат-Мамандықтардың түрі, ерекшелігі, маңызы мен мәні туралы түсінік. Мамандыққа қойылатын талаптар. Дайындалу барысындағы жасалатын жағдайлар. Қабылдау ережесі. Түлектерді «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдаулармен таныстыру. (Ашық есік күні, ата-аналар жиналысында, сынып сағаттарында жүзеге асады) Осы мақсатта 11- сынып оқушыларымен Қазақстан университттеріне виртуалды саяхат жасап, талапкерлерге қойылатын талаптармен танысып, мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктержайында толық ақпарат алуға тырыстық.

 
 





Комментариев нет
204 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 09.11.2020 в 13:45

Возможно вас заинтересует...!