Бүгін мектебіміздің оқушылары Бауыржанұлы Бекарыс пен Дінмұхамет және балалардың анасы Сайдалина Қымбат пен ағалары Сәнжан үшін ең қуанышты күн болды. Баспанаға мұқтаж отбасына "Харекет" қайырымдылық қоры екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Ұзақ жылдардан бері жалғызбасты ананың жеке пәтері болмаған. Кәмелетке толмаған үш баласымен бағбандық қоғамдастықтағы "Мотор" 4-учаскеге қарасты бір бөлмелі саяжайда осы күнге дейін тұруға мәжбүр болды. Бұл отбасындағы екі оқушы былтыр қыркүйек айында мектебімізге оқуға келген болатын. Мектеп инспекторы Р. Башенова мен әлеуметтік ұстаз А. Аблина жаңадан келген оқушылардың ұй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу кезінде саяжайда тұратындарын анықтап, дер кезінде дабыл қақты. Осы жағдай анықталғаннан бастап мектеп директоры Б.Ахмадиқызының басшылығымен балалар бірден тегін ыстық тамақ тізіміне қойылды. Мектеп ұжымы қаражат жинап, балаларға жатын диван сатып әперді. Қосымша көмек ретінде төсек-орын, парта, орындықтар, балалар киім-кешек, азық-түлікпен қамтамасыз етілді.Мектебіміздің ата-аналары комитеті тарапынан ақшалай, азық-түлік көмегі көрсетілсе, «Қызылжар» қалалық мешітінің бас имамы К.А.Исаев отын, көмірмен қолдау көрсете білді. Биылғы жылы "Мектепке жол" акциясы аясында мұқтаж отбасына мектептің өтінімі бойынша орталық мешіттен жаңа ноутбук сыйға тартылды. Бүгінгі күні қолына кілт алған ана үшін тосын сый болды. Қиын қыстау заманда қол үшін берген мектеп ұжымына, ата-аналарына және қамқор жандарға рахметін айтып, көз жасына ерік берді. Осы отбасының мұң-мұқтажын түсініп, дер кезінде көмек көрсеткен "Харекет" қайырымдылық қорына алғысымызды білдіреміз.


Автор: b1429skobilim
Добавлено: 04.11.2020 в 18:00