«СОВА» Халықаралық зияткерлік білім орталығы қашықтықтан оқушыларға арналған IV халықаралық пәндік олимпиада
Қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары қашықтықтан оқу кезеңінде әр түрлі онлайн байқауларға қатысуда. «СОВА» Халықаралық зияткерлік білім орталығы 2020жылдың 10 қыркүйек пен 25 қазан аралығында қашықтықтан оқушыларға арналған IV халықаралық пәндік олимпиада ұйымдастыған болатын. Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады. Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- оқушылардың білімдерін жетілдіру мен тереңдету;
- потриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу;
- оқушылардың зияткерлік және шшығармашылық қабілеттерін дамыту
Аталған олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қазақ мектеп – гимназиясының 9 «Б» сынып оқушылары - Алимханов Уалихан, Маденет Арайлым, Нурканова Шырайлым, Боғдат Бекзат қатысып, жүлделі 1,2-орындарға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каскирбаева Жадра Куаталиевна.




275
0



