«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ" ОНЛАЙН ОТЫРЫС
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп бұзушылықтың өсуіне жол бермеу. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен тәртіп бұзушылық мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген мектепті, ата-ананы алаңдататын мәселе. Сол олқылықтың алдын алу мақсатында мектебімізде 23.10.2020ж күні 9-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне арналған «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен тәртіп бұзушылықтың алдын алу» атты онлайн отырыс өтті.
Мақсаты: Оқушылардың мәдениеттін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын артыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР 235-V ҚР Заңының баптарымен таныстыру.
Спикерлер директордың ТІЖ орынбасары Нұртаева А.Т., әлеуметтік педагог Аблина А.К. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚР Заңының 127-бап. «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау»;
425-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу;
442-бап. «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы»,
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 28.10.2020 в 12:00