«ШОҚАН УӘЛИХАНОВ КӨШЕСІНЕН РЕПОРТАЖ» телекоммуникациялық жобалардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ бойынша қорытынды ақпарат
«ШОҚАН УӘЛИХАНОВ КӨШЕСІНЕН РЕПОРТАЖ» телекоммуникациялық жобалардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ бойынша қорытынды ақпарат
Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы мен Омбы облысының Білім беруді дамыту институтының «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» халықаралық әдістемелік орталығының қызметі шеңберінде «Серіктестер»-«Единомышленники» халықаралық білім беру жобасының жоспарын іске асыру бойынша қазақ ғалымының туғанына 185 жыл толуына арналған «ШОҚАН УӘЛИХАНОВ КӨШЕСІНЕН РЕПОРТАЖ» телекоммуникациялық жобалардың халықаралық байқауы өтті.
Халықаралық байқауыдың мақсаты: Халықаралық келісім, қоғамдық және жалпыұлттық бірлік тақырыбына материалдар жасаушы жас педагог-авторлардың шығармашылық дамуы арқылы екі елдің мәдениетаралық диалогының дамуына ықпал ету.
Байқауға әр түрлі білім беру ұйымдарының тарих, география, орыс тілі мен әдебиетінің жас мұғалімдері (жұмыс өтілі 5 жыл дейін) қатыса алды.
Аталмыш конкурсқа мектебіміздің жас мамандары, география мұғалімдері- Абдразахов Нұрсейіт Абдрашитович және Башарова Жанар Саматовна қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді.
Халықаралық деңгейде байқауда оң нәтиже көрсеткен жас мамандарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тілейміз. Жаңалықтарыңызбен қуанта беріңіздер!!!

.jpeg)



