«Рухани жаңғыру – еліміздің болашағы» тақырыбында 5 «Ә» сыныбында қашықтықтан сынып сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың туған жеріне, еліне, Елордаға деген, оның бүгіні мен болашағы туралы танымдық көзқарасын арттыру; Болашаққа деген сенімі, ой-өрісін дамыту; Оқушыларды елінің мұрасын қастерлеуге, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу;
Тәрбие сағатының барысы оқушылардың қызығушылығын ояту үшін сөзжұмбақ шешіліп, «Туған жер»туралы ойқозғау жүргізілді. Алғашқы президент Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушыларға, түсіндіру барысында, «Ойлан тап»стратегиясы бойынша туған жерге байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жарысты.Қорытындылай келе қашықтықта өтілген сынып сағатында оқушылар еліміздің осы бағытта жасалып жатқан ауқымды жұмыстармен таныса келе, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 16.10.2020 в 12:10