Жылдан-жылға ұстаз еңбегіне қойылатын талап күшейіп, жауапкершілік салмағы ауырлай түсуде. Әсіресе, мектеп директоры мен оның орынбасарлары үшін талап тіпті қатаң.
Жылдан-жылға ұстаз еңбегіне қойылатын талап күшейіп, жауапкершілік салмағы ауырлай түсуде. Әсіресе, мектеп директоры мен оның орынбасарлары үшін талап тіпті қатаң. Олар оқу үрдісіне ғана емес, әрбір оқушы мен ұстазға жауапты. Бүгінгі қоғамда жастардың адаспай жол табуына, олардың тәлімді тәрбиесі мен сапалы білім алуына шырылдап жүретін Күлімкөз Қайырбайқызы мен орынбасарлары Зәуреш Көшеғалдиқызының, Нұрқан Бейсенұлының және тәрбие ісінің меңгерушісі Зәуреш Мейрамқызының еңбегі ұшан-теңіз. Педагог қызметкерлерді аттестациядан өткізу тәртібіне сәйкес ұйымдастырылған аттестациялық комиссия шешіміне сәйкес біздің мектептің басшылары сынақтан сүрінбей өтіп, арнайы санатқа ие болды. Әріптестері алдында мерейлері өскен ұжым басшыларына шығармашылық табыс тілейміз!

Автор: b1416skobilim
Добавлено: 18.01.2021 в 10:28