2021 жылдың 9 қаңтар күні С.Сейфуллин атындағы
№80 мектеп-гимназиясында «Самғау» педагогикалық көшбасшылығы мұғалімдер қоғамдастығының жоспарына сай бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында онлайн вебинар өткізілді.
Вебинар барысында Төлеуханова Ш.Б сабақты тиімді жоспарлау үшін ең алдымен сабақ негізінен «Мақсат» пен «Нәтиже» аралығында өтетіні, барлық тапсырмалар, қолданылатын әдіс-тәсілдер нәтижеге жетуге бағытталатыны туралы өз ойымен бөлісті.
Өз кезегіндеТаждәулет Ж.С жетістік, бағалау критерийлерінің артықшылықтары мен басымдықтары туралы таратып айтты.
Оқудан күтілетін нәтижені және табыс критерйилерін түсініп, оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын білген жағдайда білім берудің сапасының артатыны туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Нурмаганбетова Т.С пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары анағұрлым күшті дамитындығын, олардың әртүрлі пәндер бойынша берілетін білімдерін өздері жүйелей алатынын айта келіп, көрсетілген сабақты дүниетану мен өзін-өзі тану пәндерімен байланыстыра сипаттады.
Білім алушылардың тілдік дағдылары яғни, тілдік құзіреттілік жайында Аманова Салтанат толымды мәліметтермен бөлісті.Коммуникативтік дағдыларды басшылыққа алып оқыту, функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың өз ойларын еркін әрі сауатты жазуына, көкейлеріндегі ойды көркем әдеби тілмен ауызша жеткізе білуіне,шығарманы бар ынтасымен тыңдай білуіне, оны ары қарай өзінің қиялымен ұштастыра білуіне қол жеткізуге болатынын арнайы деректермен көрсете білді.
Дүйсенбаева Н.Ж құндылықтарды дамытуды пәнаралық байланыспен ұштастыра отырып, тапсырмалардағы құндылықтардың маңыздылығына ерекше тоқталды. Ұлттық, жалпы адами құндылықтардың негізінде қалыптасатын адамгершілік қасиеттер, жоғарғы ұстаным, мәдениет, мінез-құлық пен адамдардың өзара қарым-қатынастарының жағымды жақтарын көрсету екендігін атап көрсетті.
Вебинар соңында мұғалімдер өз көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, кері байланыс берді. Алдағы уақытта қандай өзекті тақырыптар аясында онлайн вебинар жоспарлауға болатындығы жөнінде ойларымен бөлісті.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены