Бүгін 26.12.2020ж мектебімізде «Қашықтан оқыту кезінде ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістерімен ақпараттандыру» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сыдых Бақыт Сыдыхқызының ұйымдастыруымен вебинар өткізілді.Вебинардың мақсаты: ҰБТ-ға дайындайтын ұстаздарға қашықтан сабақ өту барысында тиімді әдіс-тәсілдерді және әртүрлі ресурстарды қолдану,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Вебинарда спикер:Оспанова Мария Әбілханқызы сабақ өткізу барысындағы оқушыларды қызықтырған әдіс-тәсілдермен бөлісіп, қашықтан оқыту кезінде ҰБТ-ға дайындау барысында кездесетін қиындықтарды шешудің ортақ тиімді жолдарын қарастырды. Вебинардың тақырыбының негізінде Асан Елдос Талапбекұлы АКТ-ны сабақта тиімді қолданудың әдіс тәсілдерімен таныстырды. Атап айтсақ, Quizizz тест, ZOOM платформасы арқылы топқа бөлу, Idroo онлайн тақтасымен қалай жұмыс жасау керектігі жөнінде түсіндіріп өтті. Вебинарда әріптесіміз Мұсаева Гүлмира Базылбекқызы INSTAGRAM әлеуметтік желісі арқылы оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыруға болады ма? ,-тақырыбында әлеуметтік парақшадағы іс –тәжірбиесімен бөлісті. Вебинардағы айтылған мәліметтер әріптестеріміздің қызығушылығын тудырды.Қорыта айтқанда, ҰБТ-ға дайындауда бірнеше ақпарат көздерін тиімді пайдалану керектігі айтылып,пән мұғалімдері үнемі жаңашылдық пен ізденіске ұмтылу керектігі баса айтылды.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены