Меню KDT
«ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» ОНЛАЙН ВЕБИНАР

Бүгін 24-желтоқсан күні Жетекші мектеп ретінде  А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде қоғамдастық жұмыс жоспарына сәйкес №48 мектеп-лицей, №51 мектеп –гимназия, №53 мектеп-лицей педагог-психологтарының бірлескен онлайн вебинары өтті.  Онлайн вебинарға 60-қа жуық ата-аналар мен педагогтар қатысты. Сонымен қатар «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет кабинетінің  меңгерушісі, тәжірибелі  психолог маман, қала мектеп психологтарының жетекшісі  Исабекова Айжамал Керимбековна қатысты.

            Онлайн вебинардың алғашқы сөзін №48 мектеп-лицей директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ибраймова Қамажай Ибраимқызы алды. Әрі қарай  мектеп психологтары бірлесе отырып түрлі бағытта психологиялық жаттығулар, топтық жұмыстар жүргізіп, қашықтықтан оқыту кезінде ата-аналар мен оқушыларға психологиялық кеңестер берді. Отбасындағы эмоционалды жылулық пен шексіз сүйіспеншіліктің балаларға өте қажет екендігін айқындай отырып, ата-аналарды балаларға мейірімін төгіп, қолдау көрсетуге шақырды.

            Вебинар соңында қала психологтарының әдіскері Айжамал Керимбековна сөз сөйлеп, психологтарға алғысын білдірді. Ата-аналар мен педагогтар бүгінгі іс-шарадан  алған әсерлерімен бөлісіп кері байланыс берді.

Комментариев нет
382 просмотров
Автор: 48mektep
Добавлено: 24.12.2020 в 17:32

Возможно вас заинтересует...!