«Жас Ұлан» және «Жас Қыран»





Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 90 гимназиясында 2020 жылдың қараша айының 30-ы күні аға тәлімгер Н.Бөрібайқызы ұйымдастыруымен бүкілмектептік «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының қабылдауына арналған салтанатты жиын онлайн режимінде өткізілді.
Салтанатты жиында «Жас Қыран» ұйымына қабылданушы оқушылар атынан 4 «А» сынып оқушысы – Мұхаметқалиева Жұлдызай ант қабылдады, ал «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушылар атынан 10 «А» сынып оқушысы - Оспан Нұрсұлтан ант қабылдады. Салтанатты жиында «Жас ұлан» ұйымының ережелері, мақсаты мен міндеттері және құрылымы туралы ақпарат берілді.
Гимназия директоры Ербол Ісләмұлы оқушыларға көк туымызбен түстес галстуктерін алдағы уақытта қадірлеп ұстауға, үлгілі оқушы болып гимназия абыройын биік ұстануға сенім білдірді.
Сонымен қатар, республикалық Жас Ұлан ұйымының орынбасары- Айнұр Дюсенбаевна, қамқоршылық кеңес төрағасы Серік Мықтыбекұлы, директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасары А.Бекболатовна барша ұйым қатарына қабылданушыларды құттықтау лебізін білдірді.
Сондай-ақ биылғы оқу жылында жалпы оқушы саны - 228 оқушы, «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушылар саны - 74, ал «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушылар саны - 154. Жиынға қатысқан оқушылар саны - 148, ата-аналар - 86. Осы орайда аға тәлімгер Н.Бөрібайқызы барша «Жас Ұлан» қатарына қабылданған оқушыларға арнайы әзірленген электронды сертификаттардың табысталатындығын жеткізді. Жиын соңы «Жас ұлан» әнұранымен аяқталды.Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены