2020 жылдың 12 желтоқсан күні 9-10 сынып оқушыларымен ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында "Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз" атты зияткерлік-танымдық онлайн турнирі өткізілді

2020 жылдың 12 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 9-10 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған "Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз" атты зияткерлік-танымдық онлайн турнирі төрт кезеңнен өткізілді. Олар:І кезең. 1986-2019 жылдардағы тарихи оқиғалардан тес сұрақтары;
ІІ кезең. Мектеп мұғалімдері алдын-ала түсірілген видео-сауалдар;
ІІІ кезең. Тәуелсіздік кезеңіндегі бір маңызды оқиға байланысты сұрақ.
ІҮ кезең. Спич \шешендік өнер\.Топ мүшелері 2 минуттан аспайтын видео түсіріп жібереді.
Автор: 40mektep
Добавлено: 20.12.2020 в 14:27