← Назад к новостям
Абай  Құнанбайұлының 175 жылдығына.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына.

39mektep
14.12.2020 в 21:53
146 просм.
Нет комментариев

Биыл  елімізде  ұлы  дара ақын Абай  Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойы  атап өтілуде.


Барлық білім ордаларында  «Абай мұрасы-халық қазынасы»  тақырыбында  танымдық іс-шаралар  өтіп жатыр. Біздің мектеп кітапханасында  да  Ұлы ақын, ағартушы Абай  Құнанбайұлының  175-жылдығына  орай  «Абай-дана, Абай-дара қазақта», «Асыл сөзді  іздесең, Абайды оқы, ерінбе»  тақырыбында  көрме  ұйымдастырылды. Көрмеге   жас ұрпаққа  ақынның  өмірі мен шығармашылығын  насихаттау  мақсатында, дана ақынның  өлеңдері  мен  қара сөздері,  Мұхтар Әуезовтың  «Абай жолы» романы сияқты кітаптар мен  мақалалар қойылды. Сонымен бірге  ұлы  Абайдың мұрасы туралы зерттеген   ғалымдардың  «Абайтану» тарихы туралы мақалалары мен кітаптары да  қойылған.

Ақынның   адами құндылыққа  толы  поэзиясы мен  қара  сөздері    бүкіл адамзат  баласының  рухани азығы болып  қалатыны  белгілі.     
  


 





Автор: 39mektep · 14.12.2020
146
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT