← Назад к новостям
Құрметті мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар, «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» атты тарих онкүндігінің аясында мектебіміздің 2020 жылдың 8 желтоқсанында

Құрметті мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар, «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» атты тарих онкүндігінің аясында мектебіміздің 2020 жылдың 8 желтоқсанында

b1437skobilim
13.12.2020 в 15:09
318 просм.
Нет комментариев

 


Құрметті мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар, «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» атты тарих онкүндігінің аясында мектебіміздің 2020 жылдың 8 желтоқсанында 7«А», 7«Ә» және 9 желтоқсанында 8«А», 8«Ә» сынып оқушыларына СҚО киелі жерлеріне 3D саяхат ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларға өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту. Жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және отансүйгіштік сезім тәрбиелеу. Өз елді мекенінің, өлкесінің тарихымен және қазіргі кездегі өмірімен таныстыру. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатында жалпыұлттық қасиетті мекендер ұғымының маңыздылығын атап өткен болатын. Елбасымыз өз сөзінде: «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейліктің басты элементтерінің бірі», – дей келе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» құжаты аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаның қолға алынатындығы туралы айтқан еді.

 
 

Автор: b1437skobilim · 13.12.2020
318
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT