← Назад к новостям
ЭКО САҒАТ

ЭКО САҒАТ

40mektep
07.12.2020 в 09:44
410 просм.
Нет комментариев

2020 жылдың 23-24-қараша күндері Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 1-4 және 5 сынып оқушылары арасында google meet платформасында «Эко клоун» онлайн сабағы кезекті рет өткізілді


2020 жылдың 23-24-қараша күндері Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 1-4 және 5 сынып оқушылары арасында google meet платформасында «Эко клоун» онлайн сабағы кезекті рет өткізілді. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – оқушылар бойында табиғатқа деген жанашырлық пен қамқорлық сезімін қалытастыра отырып, экологиялық білімдерін арттыру. Сабақта оқушыларға мектебіміздің эко-еріктілер тобы табиғатты қорғап, аялай білу керектігін балаларға ұғынықты түсіндірді. Сондай-ақ сабақта пластик ыдыстардағы таңбаларға түсінік беріп, олардың адам денсаулығына зиянды-зиянсыздығы жайлы пайдалы ақпараттармен таныстырды. Балалар сабақ барысында еріктілердің қойған сұрақтарына жауап беріп, белсенділік таныта білді. Алдағы уақытта балалардың экологиялық білімін арттыратын танымдық сабақтар өз жалғасын табатын болады.

https://www.facebook.com/100005174028076/videos/1732815903567527

Автор: 40mektep · 07.12.2020
410
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT