30 қараша күні № 20 орта мектебінде Қамқоршылық кеңесінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде 2 сұрақ қарастырылды.
1. Қамқоршылық кеңесінің төрағасын сайлау.
2. Қамқоршылық кеңесінің мақсаты,бағыттары,функцияларымен таныстыру.
Тыңдалды: ОЖО Достанова Г.С. қамқоршылық кеңестің мақсаты мен міндеті туралы таныстырып өтті, қамқоршылық кеңестің мақсаты: білім беру ұйымына қолдау көрсету, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық – техникалық базасының нығайуына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу екенін айтты. Қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттарымен функцияларымен де таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесінің бағыттары: білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс –шараларға көмек көрсету.Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен мен жұмыспен қамтылуын жақсарту. Білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу мен білім беру ұйымы басшылығының қамқорлық кеңесі алдындағы есебін тыңдап қабылдау керектігі туралы айтты.
Тыңдалды: директор Бимендин Б.Д. шығып сөйлеп, жалпы ата-аналар жиналысында қамқоршылық кеңесінің мүшелері сайланған болатын, Кеңес құрамына жергілікті атқарушы және құқық қорғау өкілдері, комерциялық емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар комитеті ұсынған әр сынып ата-аналары, қайырымдылық жасаушы (спонсорлар) бар екендігін айтып өтті. Бүгінгі жиналыстың мақсаты қамқоршылық кеңестің төрағасын, хатшысын сайлау керектігін айтты.


Автор: 20mektep
Добавлено: 30.11.2020 в 19:24