Меню KDT
Қалалық «Үздік онлайн сабақ» байқауының қорытындысы

Байқаудың мақсаты пән мұғалімдерінің шығармашылық белсенділіктерін арттыру, мұғалімдердің қашықтан сабақ беру  кәсіби деңгейінің өсуі мен әдістемелік шеберліктерін қалыптастыру, білім беру мазмұнын жаңартуда білім сапасын арттыру және білім беру процесінде ғылыми-әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету, пән мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін анықтау және насихаттау.


Байқаудың негізгі міндеттері:

-заманауи озық технологиялармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату;

-білім берудің заманауи жаңа технологияларын оқу процесіне енгізу;

-мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру;

-шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерге қолдау көрсету;

-педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау.

         Мектептен он мұғалім қатысыты. Қорытындысы:

І орын – Ж.Батыр, физика пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Р.А.Кимбилова, А.Б.Тұрғанбек, биология пәні мұғалімдері;

ІІІ орын – Мұратова А.А., ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман;

Нұр-Сұлтан қаласы Білім жаңғырту орталығы Алғыс хат – А.С.Әбілтаева,  ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман, М.Халийхан, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

         Ұстаздардың еңбегіне шабыт пен табыс тілейміз!
  


Комментариев нет
587 просмотров
Автор: 83mektep
Добавлено: 03.12.2020 в 15:14

Возможно вас заинтересует...!