Меню KDT
"Елбасына тілек"


Нұр -Сұлтан қаласы, Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектебінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай "Елбасына тілек" жас ақындар мүшәйрасы қашықтан өткізілді. 6-7 сынып оқушылары: Жылқыбаева Камила, Бегалықызы Ақниет, Тілеухан Мәди, Тілеухан Әли, Куанышева Аяулым, Идрисова Ханша атты оқушыларымыз Тәуелсіздігімізді алғаннан соң, халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы атанған және Елбасының бастамасымен біздің Отанымыз әлемге танылғанын, Елім деп елдігін көрсетіп, ерлігін танытқан көшбасшысына арнап, жүрекжарды тілектерін өлең шумақтары арқылы жеткізді. Егемен,тәуелсіз елдің ұрпақтары бұл игі істің басы және нәтижесі кімнен бастау алғанын өлең шумақтарында атап айтып бере алды.
Жақсылықтың дәнін сепкен Елбасының еңбегін білген,түсінген осындай ұрпақ тұрғанда Тәуелсіздіктің тұғыры биік бола бермек.


Комментариев нет
235 просмотров
Автор: 57mektep
Добавлено: 30.11.2020 в 15:21

Возможно вас заинтересует...!