Меню KDT
«Қашықтан оқыту кезінде сабақ барысындағы қиындықтарды бірлесе отырып шешу жолдары » тақырыбында вебинар

23 қараша  күні сағат 16.00- де  Microsoft Teams платформасында математика және физика пәні  бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қашықтан оқыту кезінде сабақ барысындағы қиындықтарды бірлесе отырып шешу жолдары » тақырыбында вебинар өтті. Вебинардың мақсаты : қашықтан сабақ  өту барысында тиімді әдіс-тәсілдерді және ресустарды  қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Вебинарда әдістемелік бірлестік жетекшісі  Байменова Мақпал Мусаевна  және пән мұғалімдері өздерінің сабақ өткізу барысындағы оқушыларды қызықтырған әдіс-тәсілдерімен  бөлісіп, қашықтан оқыту кезінде математика және физика пәндерін оқыту барысындағы кездесетін  қиындықтарды шешудің ортақ тиімді жолдарын қарастырды, яғни оқу тапсырмаларын жүйелі етіп беру, әр оқушымен жеке байланыс орнату, әр орындалған тапсырмаға кері байланыс беру, оқушының өз деңгейіне сай тақырыптық тапсырмалар дайындау, басқа пәндерден өзіндік ерекшеліктері бар формула енгізу, графигін салу сияқты түрлерін дұрыс қолдану жолдарын ұсынды.Қорыта келе, бірнеше ақпарат көздерінен  өзекті ақпаратты таңдауға оқушыларды дағдыландыру керектігін айтып, пән мұғалімдері үнемі жаңашылдыққа және ізденісте болу керектігі баса айтылды.

Комментариев нет
252 просмотров
Автор: 74mektep
Добавлено: 29.11.2020 в 14:52

Возможно вас заинтересует...!