Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша ПҚ БАИ» филиалында ұйымдастырылған Қазақстандағы еріктілер жылына арналған «Педагогикалық дуэт» кәсіби шеберлік пен тиімді тәлімгерлік имиджінің облыстық конкурсын ұйымдастырды.
Байқауды өткізудің басты идеясы – білім беруді даралау принциптері негізінде тәлімгерлік тәжірибесін жаңғырту, жас педагогтердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.
Педагог қауымының үлкен сұранысына ие болған бұл байқау, филиалда осымен жетінші жыл өткізілуде.
Осы жылы сайысқа 87 шығармашылық жұмыс түсті, соның ішінде 86 дуэт 2 кезеңге өтті.
Педагогикалық дуэттер педагог-тәлімгердің және жас маманның кәсіби өзара іс-қимыл идеясын көрсететін "Performance: кәсіби табыстың фирмалық рецепті" тақырыбында бейнеролик дайындады. 28.10-18.11.2020 ж. барлық роликтер Instagram orleu_sko әлеуметтік желісінде жарияланды. Жұртшылықтың тәуелсіз бағалауының қорытындысы бойынша ең көп лайк пен репост жинаған қатысушылар 2020 жылы 27 қарашада өтетін үшінші (финалдық) турға жолдама алды.
«Педагогикалық дуэт» кәсіби шеберлік пен тиімді тәлімгерлік имиджінің облыстық конкурсы 3 кезеңіне 10 жұп өтті, біздің мектептен 2 жұп.
1 | «№25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, Петропавл қ. | Курманова Махабат Оразаевна | Ногурбекова Жанар Бакуовна | #Педагогическийдуэт_84 |
2 | «№25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, Петропавл қ. | Каиржанова Толкын Жылкыбаевна | Әбілда Айкүміс Ақжігітқызы | #Педагогическийдуэт_85 |
2020 жылдың 27 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ-да Қазақстандағы волонтер жылына арналған «Педагогикалық дуэт» тиімді тәлімгерлік және кәсіби шеберлік имиджі облыстық байқауының финалы өтті.
Конкурстың мақсаты - Білім беру ұйымдарында тьюторлықты танымал ету және мұғалімдердің жеке-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Жұртшылықтың тәуелсіз бағалауының қорытындысы бойынша 10 педагогикалық дуэт финалдық кезеңге өтті. «Білім беру ұйымында отбасылық тәрбиені жетілдіру немесе ата-аналармен жұмысты жетілдіру жөніндегі шағын пікірсайыстар» конкурстық сынағын тәлімгер мен жас педагог бірлесіп ұсынды.
Шағын дебаттар тақырыбының өзектілігі ҚР БжҒДМБ 2020-2025 жылдарға арналған «Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету» міндетімен негізделген.
Қазылар алқасының құрамына М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, СҚО ҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы, «Білім» бастауыш партия ұйымының төрайымы, «Нұр Отан» партиясы қалалық саяси кеңесі бюросының мүшесі, «Үздік педагог-2020» тарих пәнінің мұғалімі кірді.
Әділқазылар алқасын бағалауда ашықтық пен объективтілік үшін келесі критерийлер қолданылды.
- тақырыпқа сәйкестігі, 2020-2025 жылдарға арналған ҚР БжҒДМБ белгіленген проблемаларды шешу есебі;
- тәлімгерлік құндылықтарын іске асыру;
- мазмұнды талқылау (дәлелдер, фактілер, салдар және т. б.);
- материалды жеткізудегі өзіндік ерекшелік;
- педагогикалық әртістік және харизма.
«Тәлімгер мен жас маманның педагогикалық дуэті» облыстық имидж байқауының жеңімпаздары атанды:
Р/с № | Ауданы, мектебі | Тәлімгердің аты-жөні | Жас маманның аты-жөні |
2 орын | «№25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, Петропавл қ. | Каиржанова Толкын Жылкыбаевна | Әбілда Айкүміс Ақжігітқызы |

Конкурсқа қатысқан әріптестерімізге Алғыс айтамыз!!! Жүлделі орын алған әріптестерді жеңістерімен құттықтаймыз!!!
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 30.11.2020 в 10:01