← Назад к новостям
Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш Президент күні

b1416skobilim
02.12.2020 в 09:38
316 просм.
Нет комментариев

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында әл-Фараби мектеп-лицейінің үздік және талабы зор оқушылары "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ұйымдарының қатарына қабылданды.


Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында әл-Фараби мектеп-лицейінің үздік және талабы зор оқушылары "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ұйымдарының қатарына қабылданды. Бұл қоғамдық бірлестіктер шәкірттердің тәлімді тәрбиесіне оң ықпал етуді көздейді. Сондықтан ұйым мүшелері қоғамдық өмірге де белсене араласады. Биыл да білімге құштар, тұла бойына өнер тұнған бірнеше оқушы "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" қатарына қабылданып, алдағы уақытта өздеріне жүктелген зор сенімді ақтауға ант берді. Олар өз Отанымыздыздың патриоты болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, өз өнегесімен өзгелерге үлгі болуды мақсат тұтып отыр. Ұйымға жаңа қабылданған шәкірттерді меткеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Жиентаева құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ, білім, өнер байқауларына қатысып, оқу орнының абыройын асқақтатып жүрген мерейлі оқушыларға Алғыс хат табыс етті.






Автор: b1416skobilim · 02.12.2020
316
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT