Меню KDT
Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз (онлайн вебинар)

Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер, тіпті ересек адамдар арасында буллинг яғни кемсіту, шеттету, қорлау жағдайлары аз кездеспейді. Өкінішке қарай бұл мәселеге қоғамның көзқарасы біржақты болып келеді. Ата-аналар мен ұстаздардың көпшілігі буллингті қалыпты ахуал санап, оқушының психологиялық, физикалық саулығына мән бермей жатады. Оның соңы қылмысқа, суицидке апарып соғуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап проблема жөнінде дұрыс ақпарат берудің маңызы зор. Осы бағытта буллинг пен кибербуллингтің зиянын түсіндіріп, алдын алуға арналған «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты вебинар мәреге жетті. Zoom платформасында өткен шараға «Жасұлан» ұйымының тәлімгері Данара Төлегенова, психолог Мадина Демеуова, «Únsіz qalma» медиажобасының жетекшісі Олжас Қасым және елордалық мектеп оқушылары қатысты. Модератор әрі жас буынмен жұмыс істейтін мектеп психологы Мадина Демеуова буллинг ұғымы, түрлері мен оның зардаптарын қатысушыларға жан-жақты түсіндіріп өтті.
Елемесе елеулі мәселе туындататын «буллинг» қазақ қоғамына соңғы он жылда кең тарала бастаған. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе интернет кеңістігінде қазақша ақпараттар өте сирек. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Únsіz qalma» медиажобасы құрылған. Жоба жетекшісі Олжас Қасым оқушыларға тұщымды ақпарат беріп, буллингті болдырмауға арналған бейнероликтер ұсынды.
- Біздің жобамыздың ұстанымы «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» деп аталады. Біреуді шеттету, мүйіздеу ешқандай да мақтаныш не бедел емес. Айналадағы қатарластарымызды мазақтау, топқа қоспау қылмысқа апарып соғуы бек мүмкін. Осыны оқушылар жіті ұғынуға тиіс. Ол үшін алдымен мектепте мейірімді орта қалыптасуы қажет. Біздің бейнематериалдар балалар өз арасындағы түсініспеушілікті өздері шешіп, бір-біріне қайырымды болуға үндейді, - деді Олжас Қасым.
Баланың үйден алған тәрбиесін мектеп шыңдайды. Шәкірттердің білімімен қатар, тәрбиесімен айналысатын «Жасұлан» ұйымының тәлімгері Данара Төлегенова ағарту бағытында түрлі тренингтер мен ашық сабақтардың жиі ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, оқушылар мектепте көшбасшылық қабілетке ие болғысы келеді. Бір өкініштісі балалардың дені басқарушылық қасиетті біліммен емес, білекпен көрсету деп ұғынады. Сол себепті бүгінгідей тағылымдық мәні бар басқосуларды жиі өткізу қажет. Осылай деген тәлімгер ұл-қыздарды білімге ден қоюға үндеді.
Шараға қатысқан оқушылар да өз ойларын ортаға салды. №55 орта мектеп оқушысы Өркенызы Аяулым, Айтбаева Жулдыздың кибербуллинг жасалған кезде қалай қорғануға болатынын сауалына арқау етті. Бұл сұраққа жауап берген психолог Мадина Демеуова әлеуметтік желіде қорлау оқиғалары туындаса жәбірлеушіні бұғаттап, «111, 150 шұғыл қызмет байланыс орталығына» немесе 101 сенім телефонына хабарласу керектігін мәлімдеді. Сонымен қатар, мәселемен бетпе бет келгенде ата-анаға немесе ұстаздың көмігіне жүгінуге шақырды. Оқушылар тарапынан буллингтің табиғаты, жәбірлеуші мен зардап шегушінің негізгі айырмашылықтары жөнінде бірнеше сауал қойылып, тиісті жауап берілді. Шараны қорытындылай келе арнайы мамандар бірлесе жұмыс істеуге, әріптестікті дамытуға уағдаласты.
Буллинг – адам психологиясын бұзып, күйзеліске, жан дағдарысына әкелетін әрекет. Бұл проблеманың алдын алу үшін қоғамның барлық мүшесі үнсіз қалмауы қажет. Осыны ұғынып, аталған мәселенің бар екенін қоғамға сіңірген кезде ғана балалардың болашағы кемел болмақ. Мектеп оқушыларын ізгілікке бастайтын шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Комментариев нет
304 просмотров
Автор: 55mektep
Добавлено: 30.11.2020 в 00:17

Возможно вас заинтересует...!