Меню KDT
Конкурс


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Отан жолымен" өлкетану жобаларының қалалық қашықтық конкурсына қатысыушы 8 "А" сынып оқушысы Алтынбекова Фариза. Сөнбес жұлдыздар бағытында өзінің атасы Соғыс ардагері Ақашев Алтынбек жайлы қорғау жұмысының бейне түсірілімі. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Джалалова Камшат Бахтияровна. Оқушы өз жұмысын зерттеу барысында атасының ерлігі жайлы баяндайды. Мен, өзімнің атам Алтынбек,соғыс ардагерінің өмірінде болған,басынан өткізген қиын кезендері туралы жайлы ,бөліскім келіп отыр…. Гурьев облысында дүниеге келген, әке-шешесінен ерте айырылып, әпкесінің қасында қалыпты. Үйсіз-күйсіз олар кез-келген жерді шарлап жүріп, кімде-кім бір жапырақ нанымен бөліссе, тағы біреулер түнеуге мүмкіндік береді екен…..Бар уақытын көшеде өткізіп, ашаршылық, қиын кезеңдерге тап болады. Адамдар,үйсіз балаларды паналатуға рұқсат беруге қорқақтайтын….

Осындай шарлап жүрген кездерінде,ол өзінің жалғыз туған адамынан, апасынан айырылды. Түнде тоңып, аш болып, олар оттың жылуымен ұйықтап қалған тәрізді…Әпкесінің шашы күйіп жатқанын елестете отырып, оған көмектесе алмағанына іштей күйінетін.


Комментариев нет
280 просмотров
Автор: 7mektep
Добавлено: 28.11.2020 в 17:39

Возможно вас заинтересует...!