
"Еңбек етіп ас ішсең балдай болады"-деген бар. Біз оқушыларымыздың мамандықты жазбай танып, жаңылмай таңдағандарын қалаймыз. Соған орай бүгін, 26.11.2020ж Нұр-Сұлтан қаласы «Мәшhүр Жүсіп атындағы 57 -орта мектебінде» жас түлектерге бағыт -бағдар беру мақсатында «Заманға лайық мамандықты дұрыс таңдай біл» тақырыпта вебинар өткізілді.

Мақсаты:
1. Еліміздің болашағы жастар екенін ескере отырып, мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру, оларға болашақ мамандығын жаңылмай таңдауға көмектесу;
2. Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты дұрыс таңдай білуге, өнбес істі қумауға , өздерін дамытуға , таңдаған мамандығының өз білімділігімен қабілетімен сәйкес келуіне бағыт бағдар беру;
3. Түрлі маман иелерімен кездесіп, оқушылардың білім алуға деген талпынысын арттыру,ғылымға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Вебинарға қатысқандар: Туран университетінің ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы -Мансуров К.Ж. Директордың оқу ісі жөніндеғі орынбасары - Кабылова А.Ф. Мектебіміздің психологы- Менлибекова А.А. жалпы вебинарда «Заманға лайық мамандықты дұрыс таңдай біл» атты баяндама оқылды және мемлекеттік қорытынды аттестаттау, ҰБТ туралы мәлімет берілді.
Ойға алған ісінің ұштығына жетпей тынбайтын табанды, тас үгетін ұста диірменіндей төзім шеңбері әрі кең , әрі мықты шәкірттер тәрбиелеу ұстаздарымыздың басты мақсаты. Онлайн вебинар өз деңгейінде сәтті өтті деп айтуға болады

Автор: 57mektep
Добавлено: 26.11.2020 в 22:40