Меню KDT
7-8 сыныптар арасында «Темперамент, мінез және қабілет» тақырыбы бойынша өткізілген семинардың қорытынды анықтамасы.

7-8 сыныптар арасында

 «Темперамент, мінез және қабілет»

тақырыбы бойынша  өткізілген семинардың қорытынды анықтамасы.


7-8 сыныптар арасында

 «Темперамент, мінез және қабілет»

тақырыбы бойынша  өткізілген семинардың қорытынды анықтамасы.

 

Өткізілген күні: 20.11.2020

Қатысқандар саны:

      7-сыныптар: 48 оқушы

      8-сыныптар: 77 оқушы

 

     Мақсаты: оқушылардың темперамент типтерін анықтау және бағыт бағдар беру.

     Міндеттері:

  • Темперамент, олардың типтері, психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат беру;
  • Темпераменттердің ерекшеліктерін талдау, типтерді өзара салыстыру және байланыстыру;
  • Әр типке сәйкес бағыт-бағдар беру.

 

     Семинар барысында ең алдымен сауалнама алынды және темперамент, олардың типтері, психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Сауалнама бойынша алынған  нәтижелерге сүйене отырып , темперамент типтеріне сәйкес арнайы нұсқаулықтармен танысты.

    Берілген ақпараттар оқушылардың ары қарай тереңірек білуге деген ынта-қызығушылықтарын арттырып, оқушыларда бірнеше сұрақтарда қойды.

-Менің мамандыққа деген қызығушылығым уақыт өте келе өзгеруі мүмкін бе?

-Егерде темперамент типіме сай мамандық таңдамасам ше?

-Сангвиник болсам, спорт саласынмен айналыса аламын ба? деген сияқты т.б 

     Қорытындылай келе, мамандық таңдау түрлі факторларға байланысты: қызығушылыққа, қабілетке, сұранысқа. Ең маңыздысы – әр мамандық әрбір маман иесіне талап қояды. Сонымен темперамент мамандық таңдауға да әсерін тигізетіндігін тілге тиек еттік. Оқушылар өз тарапынан жағымды кері байланыстарын білдірді.

 

 

 №72 МЛ психологиялық қызметі

 

 

 


Комментариев нет
119 просмотров
Автор: 72mektep
Добавлено: 26.11.2020 в 11:10

Возможно вас заинтересует...!