МЕКТЕПКЕ КІТАП СЫЙЛА


Оқушылардың, жастардың кітапқұмарлығы бағытында бірнеше үлгілі мектептерде үлкен жұмыстар атқарылып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев мәлім етті. Бұл шаралар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қолға алынып отыр.
Жобаның мақсаты – еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру.
«Оқуға құштар мектеп — Оқуға құштар ұлт» жобасының аясында алғашқы қадам жасалды.
Себебі гимназиямыздың кітапхана қорына жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай "Мектепке кітап сыйла" акциясына қолдау білдіріп, бірнеше құнды кітаптарын қолтаңбасын жазып тарту етті, алғысымызды білдіреміз!
Оқу сауаттылығын арттыруда, қалыптастыруда кітапхананың маңызы зор.
Кітап – рухани сарқылмас қазына!
Автор: 90mektep
Добавлено: 19.11.2020 в 11:01