Ұлттық спорт – ұлт мақтанышы



Қараша айының 13-і күні гимназиямызда «Ұлттық спорт – ұлт мақтанышы» тақырыбында педагог-ұйымдастырушы Қуандық Санатұлының ұйымдастыруымен қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Қазақстан барысы және Әлем барысының қатысушысы Айбат Сейтен Төленбекұлымен ZOOM платформасында онлайн кездесу өтті.
Сұхбат барысында осы ұлттық спорт түріне, оның ішінде қазақ күресіне қалай келгені жайлы, алғашқы бапкері туралы қойылған сауалдарға жауап берді. Оқушыларға кеңес ретінде ұлттық спортқа жақын болып, әлемдік аренада көк туымызды желбірету үшін алдымызға мақсат қойып, сол мақсаттың аясында аянбай жаттығып, қайсар мінезді болуға шақырды.
Сейтен Төленбекұлына рахметімізді айта отырып, алдағы уақытта болатын додаларда үлкен жеңістерге жетуіне тілектеспіз. Қазақ күресі – ұлтымыздың мақтанышы.
Автор: 90mektep
Добавлено: 13.11.2020 в 09:54