← Назад к новостям
 «Әл-Фараби әлемі» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды.

«Әл-Фараби әлемі» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды.

71mektep
24.11.2020 в 23:18
882 просм.
Нет комментариев

23.11.2020 күні 71 мектеп-лицейінің 5- сынып оқушылары арасында Ұлы даланың ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби әлемі» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту,сөздік қорларын байыту; Отан сүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу болды. Аталған сайыс 3- айналымнан тұрды, әр сыныптан екі оқушы сынға түсті. Ең жақсы танымдық қабілетін көрсете білген озық ойымен жеңіске жеткен 1- орын 5 "Қ" сыныбы Еркен Ақдана, Игембай Нұрсәт , 2-орын 5 "И" сыныбы Қостанбай Темирлан, Бейсен Айдария, 3- орын 5 "А» сыныбы Сейділда Еркеназ, Болатова Зере. Қатысушы 5 "Ә", " Б" , "Ғ" сыныптары алғыс хаттарымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!






Автор: 71mektep · 24.11.2020
882
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT