Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамқоршылық кеңесінің құрылғандығы және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылданатындығы туралы хабарлайды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамқоршылық кеңесінің құрылғандығы және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылданатындығы туралы хабарлайды. (Нұр-Сұлтан қаласы білім бөлімі https://bilim.astana.kz/ru/archives/54973)
Қамқоршылық кеңес оқушылардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін құрылады.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі:
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;
9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.
Шақырылғандар: жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллельден осы білім беру ұйымындағы оқушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі.
Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың типтік ережелері және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены