Меню KDT
"Менің ағылшын тілін үйренудегі әдісім" конкурсы өткізілді

Ағылшын тілі апталығына орай біздің мектебімізде түрлі конкурстар өтті. Соның бірі: "Менің ағылшын тілін үйренудегі әдісім" атты конкурсы.


Конкурсқа 9 сыныптар қатысты. Оқушылар видеороликтерді ұйымдастырушының уатсап желісіне жіберді. Ұйымдастырушы Нұрбаулы Шарбану Ғалымжанқызы, конкурсты 19.11 күні сағат 17:00де мектеп мұғалімдеріне google meet  платформасы арқылы сілтеме жіберіп, оқушылардың жұмыстарын көрсетті. 9 А, 9 В және 9 Л сыныптары өте жақсы ат салысты. Мұғалімдер жеңімпаз деп 9 В сынып оқушысы Байғабылов Арманды бір ауыздан қолдады. Сондай ақ жақсы видеоролик жіберген оқушылар: Хазипов Рамис 9 Л, Төлеген Ботагөз 9 Л, Амрасен  Әмір  9 В, Әділ Алтынай 9 В, Ильяс Назерке  9 А, Баянбекова Айша 9 А, Кульжаева Ажар 9 А, Буритаева  Бірғаным 9 А. Осы оқушыларға да жақсы баға берілді, өз видеороликтерін әлдеде шыңдай алатындары айтылды. Қатысқан оқушылар мен ұстаздарға көп-көп алғысымызды білдіреміз.


Комментариев нет
545 просмотров
Автор: 83mektep
Добавлено: 19.11.2020 в 09:02

Возможно вас заинтересует...!