ХАБАРЛАНДЫРУ
Қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Бүгіннен бастап
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі #355 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары" негізінде мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыруымыз керек екенін хабарлаймыз‼️
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ӨКІЛЕТТІГІ
✅Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі:
1) білім алушылардың құқықтарының сақталуына, білім беру ұйымының шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде жетілдіру ұсыныстарын әзірлейді;
5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымы басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;
9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы есебін тыңдайды;
10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымының қызметімен, білім алушыларға жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
✅Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
✅Қағидаға сәйкес қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері(бар болса)
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан бір ата-ана немесе заңды өкіл
5) қайырымдылық жасаушылар
✅Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
✅Қамқоршылық кеңестің құрамы кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітеді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены