Меню KDT
2020 жылдың 20 қазанында мектепте Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" іс-шаралар жоспарын іске асыру басталды.


2020 жылдың 20 қазанында мектепте Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" іс-шаралар жоспарын іске асыру басталды.
Мектепте балалар күніне орай бірқатар тиісті іс-шаралар қашықтықтан ұйымдастырылады.
Іс-шаралар 2020 жылдың 20 қазанынан 20 қарашасына дейін өтеді. " Құқық және жасөспірім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты стенд жасалды. "Кітаптар бізге жақсылықты үйретеді" онлайн экскурсия өтті.
«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ » психологиялық тренингті Тюлюп Р.Т. өткізді. «Бақытты отбасы» фото байқауы ұйымдастырылды. "Заң балалық шақты қорғауда!» атты тақырыбында балалармен инспектормен онлайн кездесу ұйымдастырылды. "Менің денсаулығым-менің қолымда» атты тақырыбында медбикемен онлайн кездесу өтті. «Біз әлемді бірге өзгертеміз » атты қолөнер көрмесі, «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.


Комментариев нет
206 просмотров
Автор: b075skobilim
Добавлено: 20.11.2020 в 15:15

Возможно вас заинтересует...!