Меню KDT
Әйел - Ана , Маман - Ана , Тәрбиеші - Ана

Мақсаты : Отбасының бала тәрбиесіндегі орны, ана махаббатының нәрі, ана мен бала сыйластығы туралы балалардың бойына сіңіру, мейірімділік пен жауапкершілікке тірбиелеу.



 Мақсаты : Отбасының бала тәрбиесіндегі орны, ана махаббатының нәрі, ана мен бала сыйластығы туралы балалардың бойына сіңіру, мейірімділік пен жауапкершілікке тірбиелеу.
👩🏻 «Бақытты бала-бақытты ана-бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбы аясында 18.11.2020 күні дәрігер, көп балалы ана Аманқұлова Айнур Әбдікәрімқызымен кездесу өткізілді
👩🏻‍⚕️ Айнұр Әбдікәрімқызы Нұр-Сұлтан қаласында №6 ауруханада функционалды диагностика дәрігері болып қызмет жасайды. Дәрігерлікпен қатар Айнұр Әбдікәрімқызы 4 бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана.
Дәрігер ретінде Айнұр ханым пандемияның бірінші толқыны кезінде алдыңғы қатарда науқастарға көмек көрсетіп, табанды еңбек етті. Кездесу барысында қонағымыз ол туралы егжей-тегжей әңгімелеп берді.
👩‍👧‍👦 Балалар тәрбиесі туралы айта келе Айнұр-ана балаларының үйірме, қосымша сабақтармен қатар бос уақытында құран сүрелерін оқып, жаттауларын қадағалайтынын айтты. Бұл баланың бойында имандылыұ, жақынға деген мейірімділік сезімдерін қалыптастырып, дамытады деген ойын жеткізді.

👫 Айнур Әбдікәрімқызының Бақытжан, Айсәуле, Медина,Мукәрәм атты балалары бар. Ең кішкентайы 4 жасар, үлкені Бақытжан 7-сынып оқушысы. Балалар футбол, бейнелеу өнері, вокал үйірмелеріне қатысып, қабілеттерін шыңдайды.

🎤 Қонағымызға оқушылардың қызығушылық танытқан сұрақтары көп болды.

💝 Керемет отбасына сәттілік пен қуанышты күндер тілейік!


Комментариев нет
142 просмотров
Автор: 10mektep
Добавлено: 20.11.2020 в 10:43

Возможно вас заинтересует...!