Меню KDT
"Шахмат - ақыл - ой спорты"


🤹‍♀️Күзгі демалыс балалар үшін тиімді өтуде. Бүгін оқушылармен Teams платформасы арқылы
📚"Шахмат - ақыл - ой спорты" атты интеллектуалды онлайн ойын ұйымдастырылды.
_Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты спорт ойыны. 🏆Шахмат ойынын тақта үстіндегі соғыс деуге болады. Ойын тұңғыш рет 5 ғасырдаҮндістанда шыққан. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын Үндістандық математик ойлап тауыпты. Шахмат ойынының тұңғыш аты «чатуранга». Шығыста ел билеуші патшаны шах деп атайды. Ал «мат»–«жеңілді» деген сөз екен. Сонда «шахмат» сөзін: «Қарсыластың патшасына (короліне) жеңілсін!» – деп аударуға болады. Шахмат тақтасы ақ және қараға боялған бірдей 64 шақпаққа бөлінеді. Ойынның мәні де осында, мұнда «ақ жағы» мен «қара жағының» екі армиясы 64 шаршылы тақта үстінде шайқасады. Ойынды заңды түрде 2 ойыншы ойнайды.

🎮Оқушылар шахмат ойынының шығу тарихы туралы мәлімет алып, шахматқа деген қызығушылықтары оянды.
#33кешен
#ns_bilim_osseniekanikuly



Комментариев нет
289 просмотров
Автор: 33mektep
Добавлено: 09.11.2020 в 16:08

Возможно вас заинтересует...!