Қазақстан балалары – күзгі интерактив!
9 қараша күні Бәйтерек орта мектебінде «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» аясында «Қазақстан – менің Отаным» атты балалар суреттерінің онлайн көрмесі ұйымдастырылды.
«Қазақстан балалары – күзгі интерактив!»
күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы ұсыныстар
(2020 жылғы 5-14 қараша аралығында)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2020-2023 жылдарға арналған каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» заң негізінде.
«Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар (бұдан әрі – Ұсыныстар) оқушылардың каникул кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталған.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
Демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру – бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі. Сонымен қатар бұл – балалардың шығармашылық дамуына, олардың рухани әлемі мен интеллектісін байытуға мүмкіндік береді. Мектеп демалысы – балаға, оның әлеуметтік қорғалуына ерекше назар аударатын аймақ.
Карантиндік шаралардың қатаңдатылуына байланысты барлық іс-шаралар онлайн режимде өтеді.
Ұсыныстардың мақсаты – күзгі каникул кезінде балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың жалпы тәсілдерін әзірлеу, білім беру ұйымдарында шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру.
Тапсырмалар:
- күзгі каникул кезінде балалардың демалысын және жұмыспен қамтылу жүйесін сақтау мен тұрақтандыруға бағытталған жағдайларды жасау;
- демалыс кезінде балаларды жұмыспен қамту, демалыс пен денсаулықтарын жақсарту бойынша әдістемелік қолдау көрсету;
- күзгі каникул кезінде 1-11 сынып оқушыларының іс-шараларға, оның ішінде қашықтан қатысуын қамтамасыз етілу керек.



