«Олимпиада» сөзінің этимологиясы грек тілінен «ақиқат» және «түсінік, білім» деген мағыналарды береді екен. Ежелгі Грецияда басын бұлт ораған ең биік Олимп тауларынан бастау алатын осынау сөздің түп тамыры биіктік, асқақтық, шың дегенді білдірсе керек. Ендеше, белгілі бір пәннен ең үздік білім көрсетіп, жетістікке қол жеткізген оқушы биік шыңнан көрінеді дегенді айқындайтын пәндік олимпиадалар күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.
Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектебіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада 3-4 қараша аралығында, 5-7 және 8-11 сынып оқушылары аралығында қашықтан өткізілді. Қашықтан ұйымдастырылған пәндік олимпиадаға 285 оқушы қатысты. Олимпиада оқушылардың білімін сарапқа салып, жүлделі І орындарға ие болған 8-11 сынып бойынша 36 оқушы олимпиаданың аудандық кезеңінің тізіміне енгізілді.
Олимпиададағы білім додасы оңай емес. Ол жарысқа «жүзден жүйрік» шыққандар ғана қатысады. Қас пен көздің арасында жаңарып жатқан ақпараттар тасқынынан, өзіне қажетті білім нәрін іріктеп ала алатын, өз бетімен ізденетін, қажырлы, еңбекқор, өзінше намысы бар оқушылар ғана жүлделі орынға ие бола алады. Сол себепті мектебіміздің білімді ұстаздар ұжымы аудандық олимпиадаға өз оқушыларын үлкен дайындықпен жібергелі отыр. Мектебіміздің білімді оқушыларына сәттілік тілей отырып, өз жетістіктерімен бізді қуантады деген сенімдеміз.
Автор: 57mektep
Добавлено: 05.11.2020 в 13:14