Башқұртстан және Ресей Жазушылар Одақтарының мүшесі, журналист, жазушы Айгиз Ғиззатұлы Баймухамбетов және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесші ақын, аудармашы, «Мөлдір бұлақ», республикалық балалар журналының бас редакторы Саят Қамшыгермен «Кітаптар әлемінде» атты онлайн кездесу болып өтті.
Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол өлең жырлары мен жарқын аудармаларын оқуға насихаттау, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, оқушылардың кітап оқуға құлшынысын арттыру. Еліне, жеріне,ата-анасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Елорданың Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп –гимназиясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жүнісбекова Айгүл Абдреимжанқызының ұйымдастыруымен Башқұртстан және Ресей Жазушылар Одақтарының мүшесі, журналист, жазушы Айгиз Ғиззатұлы Баймухамбетов және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесші ақын, аудармашы, «Мөлдір бұлақ», республикалық балалар журналының бас редакторы Саят Қамшыгермен «Кітаптар әлемінде» атты онлайн кездесу болып өтті.
Кездесу мақсаты: Соңғы жылдары балалар әдебиетіне қосылған тың туындылар мен халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің шығармашылығымен таныстыра отырып, балаларды кітап оқуға баулу. Көркем әдебиет арқылы ата-анасын қадірлеуге тәрбиелеу. Жазушы, журналист,аудармашы тұлғалардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, оқушылардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне,ата-анасына,қолдағы барына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Кездесудің шымылдығын ақын Сяят «Башқұртстанға хат» өлеңімен өрнектеп ашты.
Кездесуде балалар сұрақтарын қарша боратты десе де болады. Кездесу тартымды да сәтті өтті. Кездесуде балалар кітапты оқып болаған соң қорытқан ойларымен емін –еркін бөлісіп жатты. Анамды, әкемді құшақтап сүйдім, құрметтеуімді жалғастыра бермекпін деп жатты балалар.
Онлайн кездесу барысында журналист,жазушы Айгиз Баймухамедов,Саят Қамшыгер бүгінгі таңда балалардың кітап оқу мәселесі, балалар әдебиетінің ерекшелігі мен әр алуандығы жайында әңгімеледі. Сонымен қатар балаларды кітап оқуға қалай бейімдеуге болады, олардың жас ерекшелігіне қарай қандай кітап оқығандары дұрыс, көркем әдебиетке баулу сияқты мәселелерге де тоқтала кетті.
Нұр-Сұлтан қаласы,
С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жүнісбекова А.А.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены