Меню KDT
«Оқушылардың көркем шығарманы өздігінен меңгерудегі әдіс-тәсілдер”

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейінің халықаралық дәрежедегі әдіскер мұғалімі Алтын Момынқұлова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назгүл Смағұлованың «Оқушылардың көркем шығарманы өздігінен меңгерудегі әдіс-тәсілдер” тақырыбында өткізген мастер-класына пікір


Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейінің халықаралық дәрежедегі әдіскер мұғалімі Алтын Момынқұлова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назгүл Смағұлованың «Оқушылардың көркем шығарманы өздігінен меңгерудегі әдіс-тәсілдер” тақырыбында өткізген мастер-класына пікір Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 5В011700 - “Қазақ тілі мен әдебиеті”, 5В02500 - “Филология: қазақ тілі” мамандықтарының 4-курс студенттеріне, 7М01717 - “Қазақ тілі мен әдебиеті”, 7М02500 - “Филология: қазақ филологиясы” мамандықтарының 2-курс магистранттарына Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің халықаралық дәрежедегі әдіскер мұғалімі Алтын Момынқұлова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назгүл Смағұлованың «Оқушылардың көркем шығарманы өздігінен меңгерудегі әдіс-тәсілдер” тақырыбында өткізген мастер-клас жоғарғы деңгейде өтті деуге толық негіз бар. Біріншіден, мастер-класс тақырыбының өзі өзекті, аудиторияға сәйкес алынған, жоғарыда аталған мамандық түлектеріне қажет іс-шара. Мұғалімдер іс-шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалған, ізденген, еңбектенген, тәжірибелері мол, білімді де білікті мамандар деп бағалаймын. Әсіресе, “Абай жолы” роман-эпопеясы сияқты көлемді көркем шығарманы тиімді оқытудың әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, білім алушыларға ой салып, меңгертуі - болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне аса қажет дүние. Қорытындылап айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің халықаралық дәрежедегі әдіскер мұғалімі Алтын Момынқұлова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назгүл Смағұлованың «Оқушылардың көркем шығарманы өздігінен меңгерудегі әдіс-тәсілдер” тақырыбында өткізген мастер-класы өте жоғары деңгейде ұйымдастылып өткізілген, мақсатына жеткен сабақ деген пікір білдіремін.
                                                                                                                                     Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. С.С.Шоқабаева






Комментариев нет
292 просмотров
Автор: 48mektep
Добавлено: 12.11.2020 в 14:10

Возможно вас заинтересует...!