Меню KDT
Күзгі демалыс қызықты

Көзді ашып-жұмғанша оқу жылының алғашқы тоқсаны да аяқталып қалды. Пандемияның кесірінен шәкірттер ұстаздарымен қауыша алмауда.


Көзді ашып-жұмғанша оқу жылының алғашқы тоқсаны да аяқталып қалды. Пандемияның кесірінен шәкірттер ұстаздарымен қауыша алмауда. Соған қарамастан оқушылардың танымдық деңгейін арттыруға бағытталған шаралар онлайн түрде ұйымдастырылуда. Олардың күзгі демалысы қызықты өтуде десек те болады. Атап айтар болсақ, мектеп жеткіншектері арасында шахматтан спорттық бәсеке өтті. Барлығы 47 үміткер бақ сынаған онлайн жарыс олардың өзара тәжірибе алмасып, ойынның әдіс-тәсілдерін терең меңгеруіне жол ашты. Жасөспірімдер арасынан Әділхан Бекешов, Саят Айдарбек, Бек Айтолла, Ерхан Қабдрахман жақсы ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарынан бәсі биік түсті. Нұрасыл Елубай, Данияр Қапар да жеңімпаздар легінен көрінді. Қыздар арасынан Аружан Құрман, Сания Сафинова алдына жан салмады. Зарина Ибраева, Лаура Шамғанова, т.б. үміткерлер шахматты жақсы меңгергендерін дәлелдеді.


Комментариев нет
275 просмотров
Автор: b1416skobilim
Добавлено: 11.11.2020 в 10:29

Возможно вас заинтересует...!