Меню KDT
«№39 кешкі (ауысымды) мектеп» КММ оқушыларының ата-аналарына каникул уақытында қауіпсіз демалысты ұйымдастыру бойынша жадынама

Каникул кезінде ата-аналар каникул уақытында су айдындарында, жолдарда, өрт кезінде жазатайым оқиғалардың саны артатынын есте ұстауы тиіс.


  • Балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмаңыз.
  • Балаларға қоғамдық орындарда, көлікте жүру ережелері туралы, велосипедтерді, роликтерді және басқа да көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі туралы үнемі ескертіп отырыңыз.
  • Жол ережелерін өзіңіз бұзбаңыз және балаларға бұған жол бермеңіз. Жолдарда және олардың жанында абай болыңыз.
  • Үйде тұрмыстық электр және газ аспаптарының жарамдылығын және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіңіз, өрт, газдың ағуы және т. б. кезінде балаларға өзін - өзі ұстау ережелерін ескертіңіз.
  • Көшеде және үйде бейтаныс адамдармен сөйлесу қауіпсіздігі туралы ескертіңіз.
  • Балалардың 22.00 кейін ересектердің қарауынсыз көшеде болуына тыйым салынады.
  • Карантин режимінің талаптарын сақтаңыз.
  • Маска киіп, қашықтықты сақтаңыз.

 

 

Демалыс уақытында оқушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік ата-аналарға жүктелетінін еске саламыз.

 

Шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондары:

Полиция – 102. Жедел жәрдем-103.

Өрт қызметі-101. Төтенше құтқару қызметі – 112

 

Күзгі демалыс 5.11.20.- 14.11.20 аралығында.

Сабақ 16 қарашада басталады


Комментариев нет
138 просмотров
Автор: 39mektep
Добавлено: 09.11.2020 в 22:51

Возможно вас заинтересует...!